Мектеп-интернаттардың жаттықтырушы-оқытушыларына үстемақы төленеді
Сурет: Zakon.kz
Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов кеңейтілген алқа отырысында оқытудың сапасын жақсартуға және педагог мәртебесін арттыруға бағытталған өзгерістер туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Министр мектеп-интернаттардың жаттықтырушы-оқытушыларына олардың біліктілігіне қарай 6 мың теңгеден 22 мың теңгеге дейін әр катергория үшін үстемеақы енгізілетінін айтты. Бұл инновациялар 2023 жылдан бастап күшіне енеді.
Асхат Оралов дене шынықтыру және спорт саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық база талаптарға толық сай келмейтінін және бұл ретте саланың нақты қажеттілігі ескерілетінін, сондықтан министрлік қолданыстағы заң жобасына түзетулер енгізуді қолға алып отырғанын айтты.
"Мемлекет басшысы балалар спортын дамытуға және педагог мамандығына қызығушылықты арттыруға көп көңіл бөледі. Осы ретте спорттық бағыттар назардан тыс қалмайды. Біз жаттықтырушы-оқытушыларға топтарды басқарғаны және спортшыларды жоғары тұрған спорт ұйымдарына, сондай-ақ спорттық атақтарға ұсынғаны үшін үстемеақылар мен қосымша ақылардың жаңа түрлерін енгізуді жоспарлап отырмыз. Біз бұл бағыттағы жұмысты жалғастырамыз және сала қызметкерлерін әлеуметтік тұрғыда қолдау үшін жаңа шешімдер қабылдаймыз", - деді мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов.
Сонымен қатар спорт мектептерінің педагогтары мен жаттықтырушылары үшін апта сайынғы оқу жүктемесі 24 сағаттан 18 сағатқа дейін төмендетіледі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript