Елена Рыбакина мен Арина Соболенко AusOpen-2023 чемпионы атағына таласады

Теннис, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.01.2023 21:05 Сурет: Twitter/AustralianOpen
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның Австралия-2023 Ашық чемпионаты финалындағы қарсыласы анықталды. Ол Беларуссия өкілі, әлемнің бесінші ракеткасы - Арина Соболенко, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елена Рыбакина Австралия чемпионатында финалға шығар алдындағы кездесуде Соболенконың отандасы Виктория Азаренконы жеңіп кеткен еді. 1 сағат 41 минутқа созылған матч 7:6, 6:3 есебімен аяқталып, жеңіс отандасымызға бұйырды.

Өз кезегінде Арина Соболенко жартылай финалда Польша теннисшісі Магда Линетті 7:6, 6:2 есебімен ұтты. Соболенко мен Рыбакина арасындағы шешуші жекпе-жек 28 қаңтарда, Астана уақыты бойынша сағат 14:30-да "Род Лейвер аренасында" өтеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: