Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкеттік хоккей: “Ice Games 3x3” турнирі

Париматч Сурет: parimatch.kz
Шымкент, 27 қаңтар 2023 жыл – Ертең, 28 қаңтарда Шымкент қаласының «Мұз сарайында» қала үшін хоккейден бірінші рет «Ice Games 3х3» турнирі өтеді.

Бұл Қазақстанның түкпір-түкпірінен танымал хоккейшілердің аренаға шығып, ерекше 3х3 форматында қызу ойын көрсетуіне аз ғана уақыт қалды дегенді білдіреді. Турнирді Қазақстан хоккей федерациясы халықаралық Parimatch беттинг компаниясының қолдауымен ұйымдастырып отыр. Толығырақ біздің материалда.

Шымкент тұрғындары осы сенбіде «Мұз сарайына» барып, демалыс күндерін ерекше өткізе алады. Көрермендер “Ice Games” хоккей турнирін дәстүрлі емес «3х3» форматында тамашалауға мүмкіндік алады. Шараның арнайы қонағы ретінде қазақстандық хоккейдің жұлдызы – «Барыс» ХК және Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Константин Пушкарев шақырылды. Алдағы шара туралы мәліметтерді Шымкент қаласында хоккейді дамыту жоспарларына арналған баспасөз мәслихатының спикерлерінің сөйлеген сөздерінен толығырақ біле алдық.

Париматч

Сурет: parimatch.kz

"3х3 форматындағы хоккей соңғы уақытта жаңа деңгейге көтерілді. Бұл форматтағы матчтар көбіне серпінді өтеді, онда көрермендер әдеттегі ойындарға қарағанда соққылардың жиілігін байқай алады. Сонымен қатар, мұндай кездесулерде хоккейшілердің шеберлігі де маңызды рөл атқарады, бұл өз кезегінде күтпеген нәтижелерге ұласуы мүмкін, яғни бұның бәрі дерлік ойынның әсерлі болуына ықпал етпей қоймайды. Бұл спорттың болашағы зор деп есептейміз", - деп Қазақстан Хоккей федерациясының бас директоры Глеб Каратаев өз пікірін жеткізді.

Хоккейдің Шымкеттегі дамуына келсек, бұл бағытта қазірдің өзінде нақты қадамдар жасалып жатыр. Қала мен облыс бойынша барлығы 104 ойыншы бар, олардың қатарындағы 86 жас спортшы бар (2008 – 2014 ж.ж.). Келешекте олар жастар командасының берік тұғырына айналуы әбден мүмкін. Хоккей федерациясының алдағы жоспарларына да дәл осы мақсат кіреді. Ақтөбелік хоккейшілердің тəжірибесі көрсеткендей, жас ойыншылар жақсы нәтиже көрсетіп қана қоймай, сондай-ақ облыста хоккейдің таңымал болуына өз үлесін қосуда. 


Париматч

Сурет: parimatch.kz


"Меніңше, жас таланттарды тәрбиелеуде ештеңе ойлап табудың керегі жоқ, бәрі оңай. Біріншісі – хоккейшінің өсуге, еңбектенуге деген ұмтылысы болу қажет. Мен әрқашан жаттықтырушы ойыншыдан артық нәрсені қаламайтынын айтып келемін. Жағдай қалай өзгерсе де, спортшы өзінің қызығушылығы мен фанатизмін көрсете алуы қажет. Біз өз тарапымыздан әрқашан оларды шабыттандырып, алдарына нақты мақсаттар қоюға тырысамыз. Спортшы еңбек етуге, мансабы үшін, табысқа жету үшін көп нәрсені құрбан етуге дайын болса, біз жігіттерге асқақ мақсаттардың орындалатынын көрсетуіміз керек" - деді  Қазақстанның екі дүркін чемпиондары «Сарыарқа» хоккей клубының бас бапкері Петерис Скудра.


Париматч

Сурет: parimatch.kz


Федерацияның титулды серіктесі халықаралық Parimatch беттинг компаниясы да спорттың осы түрін дамыту бағытында белсенді түрде ат салысып келеді.

"Біздің жоспарларымыз – ұзақ мерзімді серіктестік орнату. Алдағы 3 жылға көптеген спорттық және білім беру жобаларын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі стратегиялық пайымымыз және бірлескен жоспарларымыз да баршылық. Биылғы жылдың алғашқы жобасы - 3x3 Parimatch Ice Games турнирі ертең өтеді. Бұл бүкіл Қазақстан бойынша жоспарланған ойындардың тұтас сериясы болмақ. Ал үрдіске айналатын ойынның бұл форматы Шымкент қаласынан бастау алады", деді Parimatch Kazakhstan бренд-маркетинг жөніндегі директоры Надежда Рязанцева.


Париматч

Сурет: parimatch.kz

Қызықты хоккей ойыны мен гол соғылатын жарқын сәттерден басқа салтанатты шараның қонақтары үшін қызықты ойын-сауық бағдарламасы дайындалды - жас мәнерлеп сырғанаушылар мен әртістер өнер көрсетіп, байқаулар, жүлделер және т.б. жоспарланған.

Келушілер үшін кіру тегін.

Іс-шараның мекенжайы: Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесі 15/2.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: