Жас теннисші қыз Альбина Кәкенова Аустралиядағы ірі турнирдің финалисі атанды

Теннис, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.01.2023 13:50 Сурет: ktf.kz
14 жастағы Альбина Кәкенова Аустралия ашық чемпионатына орайластырылып, "Мельбурн Паркта" өткізілген Asia-Pacific Elite 14 & Under Trophy жасөспірімдер турнирінің финалисі атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық жас теннисші тартысты өткен соңғы бәсекеде жапониялық Хикари Ямоммотоға есе жіберді. Есеп – 7:6, 4:6, 2:6.

"Әрине, осыншама күш жұмсап, жеткен финалда ұтылған өкінішті. Дегенмен жылды жақсы бастап, осындай беделді турнирдің финалында өнер көрсеткеніме қуаныштымын. Бұдан тәжірибе жинадым дей аламын". Альбина Кәкенова

Альбина Кәкенова – Астана теннис мектебінің түлегі. "Дәулет" теннис орталығында Марат Шәріповтің басшылығымен жаттығады. 2022 жылы ATF (Asian Tennis Federation) Juniors сериясы бойынша өткен төрт жарыстың жеңімпазы атанып, 14 жасқа дейінгілер арасында Азия рейтингісінде көш бастады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: