Димаш Құдайбергеннің чилилік жанкүйерлері теннисшілерімізге қолдау көрсетті
Димаш Құдайбергеннің чилилік фан-клубы Қазақстан құрамасының өкілдеріне екі күн бойы қолдау көрсетті. Жанкүйерлер арасында әйелдер де, ерлер де бар.
Сурет: Instagram/ktf.kz
Олардың көбі әншінің Астана, Нью-Йорк, Мюнхен, Прага және басқа да қалалардағы концерттерін тамашалаған. Олар Димаштың әндерін музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен орындайды. Қазақстандықтардың келуіне арнайы олар Kazajistan, pueblo valiente ("Қазақстан, қайсар халық") әнін жазып, шырқады.
Қазақстан тарапы ойынға Димаш Құдайбергеннің чилилік жанкүйерлерін шақырып, оларға Қазақстанның туы мен басқа да кәдесыйлар үлестірді. Олар қазақстандық жанкүйерлермен бірге теннисшілерге қолдау көрсетті. Ал бірінші ойын күнінің соңында ол Қазақстан құрамасының ойыншыларымен фотосессия ұйымдастырды.