Шығармашылық біріктірді: Димаш Құдайбергеннің Латын Америкасындағы жанкүйерлері жаңа жобаны қолға алды
Фото: Zakon.kz
Димаш Құдайбергеннің Латын Америкасындағы жанкүйерлері, яғни Чили, Бразилия, Мексика, Коста-Рика және Сальвадор елдеріндегі жанкүйерлер "Fire" атты жаңа музыкалық бейнежобаны жарыққа шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әншінің баспасөз қызметінің жазуынша, аталған жоба өнер иесінің шығармашылығына деген құрмет ретінде Diffusion Team командасының бастамасымен жүзеге асырылды.
Жобаға қатысушылардың айтуынша, бейнежоба Димаш Құдайберген музыкасынан шабыттанған тыңдармандардың шынайы ықыласын, эмоциялық құлшынысы мен адалдығын бейнелейді.
"Жоба авторлары көру қабілетінен айрылған қыздың оқиғасына ерекше назар аударған. Қиындықтарға қарамастан, ол осы жазба жұмысқа белсенді түрде қатысқан",- делінген ақпаратта.
Сонымен қатар, Diffusion Team командасы Латын Америкасындағы жанкүйерлер қауымдастығының музыкалық жобалары мен шығармашылық бастамаларын дамытуға арналған "Latam Voces de Amor" атты шығармашылық алаң құрды.
Бұған дейін Димаш Құдайберген марқұм Мұхтар Шахановпен түскен суретін жариялағанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript