Абсолютті көрсеткіш: Мажарстанда Қазақстанның алты боксшысы чемпион атанды
Сурет: Instagram/boxingkazakhstan
Мажарстанның Дебрецен қаласында өткен халықаралық турнир финалында қазақстандық боксшылар абсолютті көрсеткіш көрсетті. Финалға шыққан алты боксшымыз да чемпион атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Иштван Бочкайды еске алу турнирінде финалға шыққан қазақстандық былғары қолғап шеберлерінің барлығы бірдей шешуші жекпе-жекте жеңіске қол жеткізді. Сонымен алтын медальға ие болған отандастарымыз: Теміртас Жүсіпов (48 келіге дейін), Серік Теміржанов (57 келіге дейін), Саматәлі Төлтаев (60 келіге дейін), Дулат Бекбауов (67 келіге дейін), Аятолла Тақижанов (75 келіге дейін) және Айбек Оралбай (92 келіге дейін).
Бұдан тыс қазақстандық боксшылардың активінде үш қола медаль бар: Дамир Әбдіқадыр (51 келіге дейін), Дәулет Молдашев (54 келіге дейін) және Ермахан Жақпеков (71 келіге дейін).
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript