Жаңалықтар тізбегі
0

Манчестер Юнайтед-Барселона: Еуропа Лигасының үздік матчы туралы не білуіңіз керек

Parimatch, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.02.2023 17:24 Сурет: Parimatch
Бүгін түнде футбол әуесқойына ұйықтауға болмайды. "Манчестер Юнайтед" және "Барселона" Еуропа Лигасының 1/16-да қанағаттанарлықсыз тең нәтижемен тарқасқан ойыннан кейін, жеңімпаз атағын қанжығасына байлау үшін қайта кездеседі.

Өткен аптада командалар Еуропа Лигасы үшін рекордты 90 225 көрерменді жинап, әсерге толы қызық ойын көрсетті. 2:2 есеп нәтижесіне қарамастан жанкүйерлердің көңілі толастамай қалды деп айтуға болмайды. "Манчестер Юнайтедтің" матчқа дайындығы ерекше қуантты, ол 10 минутта жіберіп алған голды қайтарып қана қоймай, есеп жағынан алға озып кетті. "Барселона" ойынның соңына дейін есепті теңестіре алғанымен, "қызыл сайтандар" қазір қарсыласынан басымдырақ болып тұрған сияқты сезім қалдырды, сәйкесінше алдағы жекпе-жекте фаворит.

Екі команда да бір кездері Еуропа чемпионаттарында көшбасшы болған, бірақ қазір аздап құлдырауды бастан өткеріп жатыр. Алайда осы маусым болашақта аталған алыптардың салтанатты түрде біріншілік қатарына оралуына үміт береді. "Манчестер Юнайтед" АПЛ-да көш бастау туралы үмітін үзді, алайда ешкімді алға жібермей, үздіктердің үштігінде нық орналасып отыр. Сонымен қатар Барселона Чемпиондар Лигасынан шығып кетті, бірақ Месси кеткеннен кейін Ла Лигадағы алғашқы титулына қарай бет алып келеді.

Еуропа Лигасының алғашқы кездесуінен кейін қарсыластардың әрқайсысы қиынға соқпайтын матчта жеңіске жетіп, негізгі ойыншыларға жауапты ойын алдында дем алуға мүмкіндік берді. Бетпе-бет кездесулерде "Барселонаның" аздаған артықшылығына қарамастан, "Олд Траффорд" алаңында тер төгуге тура келеді. Эрик тен Хагтың шәкірттері өз алаңындағы соңғы 16 матчтың 14-інде жеңіске жетті. Сонымен қатар, каталондықтардағы Педроның жарақаты мен Гавидің шеттетілген жағдайы, команданың жартылай қорғанысын әлсіретті. Шабуылдағы жұлдызды ойыншы Дембеле әлі де жарақатынан айығу процесінде және осы жолы ойынды өткізіп жібереді.

Барлық жағдай каталондықтардың Еуропа Лигасынан кетуіне қарай жылжып жатыр. Бірақ бұл шайқас жарқын және нәтижелі болатынына күмән жоқ. Ал Сіз қай команда үшін жанкүйер боласыз?

Parimatch матчқа келесі коэффициенттерді ұсынады:

Манчестер Юнайтед - 2.28, Тең ойын - 3.45, Барселона - 3.25


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: