Гөзал Айнитдинова BeeTV 60 Women's турнирінің келесі кезеңіне өтті

Гөзал Айнитдинова, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.03.2023 17:43 Сурет: Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстандық теннисші Гөзал Айнитдинова Астанада өтіп жатқан ITF World Tennis Tour BeeTV 60 Women's турнирінің екінші айналымына өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық теннисші дүниежүзінің 254-ракеткасы, ресейлік Мария Тимофеевамен ойнады.

Нәтижесінде Гөзал Айнитдинова 6:3, 6:1.7:6 (7:3) есебімен жеңді.

"Бірінші сетте  ештеңе істей алмадым, не болып жатқанын түсіне алмадым. Екінші партияда белсенді болып, тез әрекет еттім, сосын партияны жеңу мүмкін болды. Үшінші шешуші сетте мен 5:3 есебімен жүрдім, озу мүмкін болмады, тай-брейкке дейін барды және жеңіп шыққаныма қуаныштымын", - деді Айнитдинова матчтан кейін.

Енді Гөзал Айнитдинова ширек финалға шығу үшін дүниежүзінің 136-ракеткасы, жапониялық Моюка Учижимамен ойнайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: