Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада өткен турнирдің бас жүлдесін ресейлік теннисші Полина Кудерметова иеленді

Теннис, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.03.2023 13:29 Сурет: ktf.kz
Астанада ұлттық теннис орталығында өткен ITF World Tennis Tour сериясының "BeeTV 40 Women's" турнирі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

19 жастағы Полина Кудерметова Қазақстан астанасында өткен турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Қазақстанның теннис федерациясы.

Финалда ресейлік отандасы Дарья Астахованы 6:2, 6:3 есебімен оңай және жылдам жеңіп кетті. Полина өзінің алғашқы атағын ITF W40 сериясындағы турнирлерде иеленген, ал тұтастай алғанда, Астанадағысы 2023 жылда тіркелген бірінші жеңісі болып табылады.

Полина - әлемнің 11-ші ракеткасы Вероника Кудерметованың туған сіңлісі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: