Жаңалықтар тізбегі
0

"Барселона" - "Реал Мадрид": Эль-Классикодан не күтуге болады

Париматч болжам жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.03.2023 17:04 Сурет: parimatch.kz
Жексенбіден дүйсенбіге қараған түні көптен күткен әлемдік футболдың ең әйгілі және басты шайқасы өтеді. Бұл жолы ойын нәтижесі немен аяқталатынын болжап білу мүмкін емес.

Егер "Барселона" жеңетін болса, "Реал" чемпиондық атақты қанжығасына байлаймын деген үмітімен қоштасуы мүмкін, өйткені каталондықтар мен "кілегейлілер" арасындағы ұпайлар саны 12-ге артады. "Патшалық клубты" тең нәтижемен қанағаттандыру екіталай. Бір сөзбен айтқанда, осы жолғы шайқасты "жанталас" деп айтсақ та болады.

Parimatch сарапшысы Айдын Қожахмет алдағы шайқасқа қатысты өз болжамымен бөлісті.

"Барселона"

Бір жағынан чемпионаттағы көшбасшылық, екінші жағынан еурокубоктың бастапқы кезеңінен шығып кету. Хави жетекшілік етіп отырған "көк-анар түстілердің" тұрақсыз маусымы "Эль-Классико" бойынша бағаланады. Ол үш ойынның соңғы екеуін жеңіп алды. Соның ішіндегі бір жеңіс Испанияның Суперкубогында болды, бұл олжаны қанжығасына байлады дегенді білдіреді. Бірақ чемпионаттың бірінші айналымында сәттілік "Реал Мадридтің" жағында болды, сондықтан "Барса" оңалу және кестедегі айырмашылықты ұзарту мүмкіндігі үшін барын салып жұмыс істейді. Өкінішке орай, олар мұны бұрыннан жарақат алған Усман Дембеле, Петри және Рональд Араухосыз іске асыруы керек. Соңғысының болмауы команданы абдыратады, өйткені "Реалдың" жұлдызы Винисиуспен тағы бір күш сынасу жекпе-жегі болу тиіс еді.

"Реал Мадрид"

"Эль-Классиконы" Карло Анчелоттидің тәлімгерлері өте жақсы көңіл-күйдегі дайындықпен күтуде: команда Чемпиондар лигасының ширек финалына "Ливерпульдің" қорғанысын ойсыра жеңіп шықты. Команда қорғаушысы Давид Алаба жарақатына байланысты, "Барсаға" қарсы шайқасты өткізіп алады, оған қоса Карим Бенземаның жағдайы да алаңдаушылық туғызады. Капитан соңғы матчта ауыр жарақат алған. Айтылған жағдайларға көз жұматын болсақ, "Реалдың" "Камп Ноудан" 3 ұпай алып кетуіне ештеңе кедергі бола алмайды деп айтуға болады.

Жеке кездесулер тарихы

Бұл командалардың арасындағы бетпе-бет кездесулердің нәтижесі тұрақсыз және үш матчтан асатын кездесулері сирек болып тұрады. "Реал" соңғы рет 2021 жылы қарсыласының алаңында жеңіске жеткен болатын. Алайда, содан бері "Барселона" "Сантьяго Бернабеуде" "кілегейлілерге" екі рет ауыр соққылар жасаған еді, әсіресе бір жыл бұрын 0:4 есебімен өткен жеңіліс өте ауыр тиген. Сол жағдайлар "Патшалық клубтың" намыстарына тигені анық, сондықтан осы жеңісті қанжығасына байлау үшін бар күш-жігерін салуға тырысуы керек. Бірақ қазіргі каталондық командаға гол соғу өте қиын болып отыр. Чемпионат бойы оның қақпасына тек 9 гол соғылған, бұл жағдай "көк -анар түстілер" үшін болмаған жағдай.

Матчқа болжам

Осы маусымда "Барсаның" қорғанысы айтарлықтай мықты болып келеді. Бірақ Винисиус үшін басты кедергі болып келетін Араухоның жоқтығын ескере отырып, мен "Реал" алаң иелерінің қорғанысын кем дегенде бір рет бұза алады деп болжауға тәуекел етемін. Сондықтан "иә - екі команда да гол соғады" деген нұсқасы іске асады деп ойлаймын. Parimatch бұл оқиғаға 1.73 коэффициентін ұсынып отыр.

Parimatch мамандары ойын нәтижесіне келесідей болжам жасайды:

"Барселона" - 2.20, Тең ойын - 3.55, "Реал Мадрид" - 3.35


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: