Елена Рыбакина WTA турындағы рекордын жаңартты
Сурет: ktf.kz
Әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина Майамидегі Мастерс турнирінің екінші раундында ресейлік Анна Калинскаяны жеңуінің арқасында Дүниежүзілік Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) деңгейінде жеңісті сериясын тоғыз ойынға жеткізді. Бұл туралы Zakon.kz хабарлайды.
Қазақстанның үздік теннисшісі қатарынан тоғызыншы жеңісіне қол жеткізді. Бұл - оның мансабындағы WTA деңгейіндегі ең ұзақ жеңіліссіз сериясы.
Осыған дейін Елена Рыбакина Турда екі рет жеті матч қатарынан жеңіске жетті.
4 жыл бұрын Рыбакина ITF сериясы бойынша турнирлерде өнер көрсетіп, қатарынан 11 кездесуде жеңіске жеткен.
Ол Майамидегі Мастерс турнирінде қарсыласы испандық Паула Бадосаны жеңсе, жеңісті сериясын бұдан әрі жақсарта алады. Ғаламшардың 29-ракеткасымен кездесу 25 наурызда өтеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript