Еуро-2024 іріктеу турнирі: Асхат Тағыбергеннің соққан голы үздік деп танылды

Футбол, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.04.2023 14:51 Сурет: kff.kz
Қазақстан құрамасының капитаны Асхат Тағыбергеннің Еуро-2024 іріктеу турнирінің екінші кезеңінде Дания құрамасы қақпасына салған голы (3:2) үздік деп танылды. Бұл туралы UEFA баспасөз қызметі хабар таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Асхат Тағыбергеннің Еуро-2024 іріктеу турнирінің екінші кезеңінде Дания құрамасы қақпасына салған голы "Үздік гол" номинациясында бірінші орын алғаны айтылады.

Екінші орынды Украина қақпасына гол соққан британдық Букайо Сака иеленді.

Үшінші орында - Беларусь құрамасының қақпасына гол соққан румын қорғаушысы Андрей Бурке.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: