Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада Ян Непомнящий мен Дин Лирен шахматтан әлем чемпионы атағын сарапқа салады

Шахмат, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.04.2023 17:40 Сурет: pixabay
Астанада 1 сәуір мен 7 мамыр аралығында ФИДЕ-нің 2023 жылғы әлем чемпионаты өтіп, әлемнің үздік шахматшысы анықталатын болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Биылғы әлем чемпионы атағын ресейлік Ян Непомнящий мен қытайлық Дин Лирен сарапқа салады. Финалдың жүлде қоры – 2 миллион еуро. Жеңгені осы қаржының 60%-ын алса, 2-орын алған гроссмейстер қалғанына ие болады, делінген Спорттты дамыту дирекциясы РМҚК сайтында.

Ян Непомнящий мен Дин Лирен арасындағы барлық 14 ойын St. Regis Astana қонақ үйінде елорда уақытымен сағат 15:00-де басталады. Әр 2 турдан кейін демалысқа бір күн беріледі.

"Ереже бойынша ойын кезінде алғашқы 40 жүріске 120 минут бөлінеді. Сосын, қалған 40 жүріске бір сағат берілмек. Ал 61-жүрістен бастап әр ойыншының еншісінде 30 минут қалады. Бұл аралықта олардың тасын қимылдатуға 30 секунд уақыты болады. Тең түскен жағдайда жеңімпаз жылдам шахмат арқылы анықталып отырады", делінген хабарламада.

2022 жылы 31 ақпанда сол кездегі әлем чемпионы Магнус Карлсен әлем рейтингінде 3-орында тұрған Ян Непомнящиймен ойнап, атағын қорғаудан бас тартты. Осыдан кейін норвегиялық шахматшының орнын үміткерлер арасындағы турнирде 2-орын алған  Дин Лирен басты. Осылайша, чемпионсыз өтетін турнир бір-бірімен деңгейлес ойыншылардың айқасымен көпшілікті қызықтырып отыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: