Шавкат Рахмонов болатты балқытып, шойынды өз қолымен құйып көрді
"Домендік цех. Мыңдаған градус. Шавкат Рахмонов алғаш рет өз қолымен шойын сынамасын құйып отыр. Бұл да шаршы алаңда қарсыласпен бетпе-бет келгендей дейді ол. Себебі жоғары төзім, жылдам ойлау керек. Әйтпесе қауіп те, қатер де басым. Мұнан соң компания жұмысшыларымен жастар спорт жұлдызымен кездесіп қолтаңба алды. Шавкат шағын қаланың өзінде осынша жанкүйері бар екеніне таң-тамаша болғанын жасырмады", деп хабарлайды "Хабар 24".
"Анам бүгін бізге Шавкат келеді деген. Оны ести салып, еріп келдім. Чемпионды бетпе-бет көрген кезде қатты толқыдым. Себебі менде ММА-ға қатысып, ержесіз жекпе-жектен чемпион болғым келеді". Жас спортшы Вячеслав Слуханчев
Алып комбинатта істейтін мыңдаған жұмысшының арасында тәжірибелі спортшылар да бар. Компания басшылығы Шавкаттың келуі сол спортшыларға да күш-қуат береріне сенімді. Кездесу соңында комбинат өкілдері Шавкатқа арнайы медаль тақты.
Қарағанды өңірі Шавкат үшін бөтен емес. Ол ұзақ жыл осы жерде жұмыс істеп, алғашқы дайындықтарын жүргізген.