Қазақстандық жеңілатлет Нора Джеруто допинг қолданды деп айыпталып жатыр
Сурет: AFP
Қазақстандық жеңілатлет Нора Джеруто допинг қолданды деп айыпталып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Mozzartsport басылымының хабарлауынша, спортшы жарыстарға қатысудан уақытша шеттетілген.
"Джеруто жеңіл атлетиканың допингке қарсы дүниежүзілік ережелеріне немесе адалдық кодексіне сәйкес өтетін тыңдауда соңғы шешім қабылданғанға дейін кез келген жарыстан уақытша шеттетіледі. Егер бұл шектеу күшінде қалса, ол әлем чемпионатының алтынын қайтарып береді, - делінген хабарламада.
Спортшы тыйым салынған затты немесе әдісті пайдаланды деген күдікке ілінген.
Нора Джеруто 2022 жылғы әлем чемпионатына Қазақстан атынан қатысып, 3000 метрге жүгіруде жеңімпаз атанды және ел тарихында әлем чемпионатында алтын медаль алған тұңғыш спортшы атанды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript