Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада классикалық шахматтан әлем чемпионаты басталды

шахмат, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.04.2023 01:57 Сурет: instagram.com/committee_sport
Астанада 2023 жылғы классикалық шахматтан әлем чемпионатының ресми ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Астана балет" театрында өткен салтанатты іс-шараға ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов, Халықаралық шахмат федерациясының президенті Аркадий Дворкович, 14-әлем чемпионы Борис Крамник, 15-әлем чемпионы Вишванатан Ананд, әйелдер арасында 4 дүркін әлем чемпионы Хоу Ифань және биыл чемпион атанудан үмітті Ян Непомнящий, Дин Лижэн қатысты. 

Асхат Оралов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді. Осыдан кейін Аркадий Дворкович чемпионатты ашық деп жариялады. 

Ал Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов өз сөзінде Астана шахматтан 17-әлем чемпионы анықталатын қала болатынын атап өтті. 

Кештің шарықтау шегі жеребе тарту рәсімі болды. Нәтижесінде Ян Непомнящий бірінші партияны ақ тастармен бастайды. Қарсыласы Дин Лижэнге қара тастар бұйырды.

Айта кетейік, бүгін әлем чемпионаты өтіп келе жатқан 137 жылдың ішінде жеребе тарту алғаш мәрте роботтың көмегімен жүргізілді.

Бұл сынақ сәтті өтіп, көптің көңілінен шықса, тұрақты қолданылмақ. Жалпы классикалық әлем чемпионатының жүлде қоры 2 миллион еуро. Жеңімпаз осы сыйақының 60%-ын алса, қалғаны финалиске беріледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: