Асхат Оралов елімізде шахматты дамыту үшін белсенді жұмыс істеліп жатқанын айтты
Сурет: Facebook/Асхат Оралов
Мәдениет және спорт министрі Шахматтан әлемнің абсолютті чемпионы атағы үшін таласып жатқан Ян Непомнящий мен Дин Лижен арасындағы матчтың алғашқы партиясын тамашалап, айтулы дуэльді бастаған салтанатты рәсімге қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Министр Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) Президенті Аркадий Дворковичпен бірге ойын партиясында алғашқы қадам жасап бергені туралы Facebook-тегі парақшасында жазды.
"Естеріңізге сала кетейін, әлем біріншілігі матчтарының тарихы 1886 жылдан бастау алады. 137 жылдық тарихта шахматтан 16 әлем чемпионы анықталған. Бүгінде дүниежүзі мұқият бақылап отырған бұл матч елімізде шахматты одан әрі дамыту үшін маңызды қадам болатынына сенімдімін. Қазірдің өзінде Қазақстанда аталған спорт түрін дамыту және ілгерілету бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Әсіресе балалар мен жастар арасында бұл бағыт үлкен қарқын алып келеді", - деп жазды Асхат Оралов.
Оралов мысал ретінде 2022 жылы Қазақстанда 7618 үйірмеде 250 мыңнан астам адам шахматпен жүйелі түрде айналысқанын келтірді. Сонымен қатар осы оқу жылының басынан бері 28 мыңға жуық балаға арналған 654 мектепте шахмат пәні факультатив түрінде енгізілген.
"Мен отандық спорт жанкүйерлерін үлкен шахмат мерекесінің басталуымен құттықтаймын, ал спортшыларға қызықты ойын көрсетуді және сәттілік тілеймін!"Асхат Оралов
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript