Жаңалықтар тізбегі
0

Шахматтан әлем чемпионы атағы үшін талас: Непомнящий екінші партияда Лиженді ұтып кетті

Шахмат, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.04.2023 19:23 Сурет: Instagram/fide_chess
Ресейлік Ян Непомнящий елордада шахматтан өтіп жатқан турнирдегі екінші партиясын аяқтап, қара тастармен бұл жолы Дин Лиженді (Қытай) шаң қаптырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұпай саны 1,5:0,5 болып, Ян жеңіске жетті. Ал алдында ақ тастармен ойнағанда ойын тең түскен еді.

"Партия сәтті болды. Басында Дин 4.h3-ке жүрген кезде, қатты ойланып қалдым. 10 минуттан астам уақыттай отырдым. Ақыры дұрыс шешім тапқаныма қуаныштымын, содан кейін бәрін өз қолыма алдым. Қандай эмоцияда болдыңыз дейсіз бе? Бұл Рихард Раппорттың идеясы екенін түсіндім (Дин Лиженнің секунданты). Олар мені таң қалдыруға тырысты. Матчта жолым болғанына қуаныштымын". Ян Непомнящий

Қытайлық шахматшы 29-шы жүрістен кейін жеңілгенін мойындап, қарсыласына жол берді.

"Әрине, партия нәтижесіне көңілім толмайды. Дебюттен шыққан соң жақсы позицияға ие едім, бірақ содан кейін өте нашар әрекет еттім. Өзіме тән емес жүрістерге жол бердім. 30-шы жүрісте жеңілу, мен үшін өте нашар бастама. Әрі қарай жұмыс істейтін боламыз. Алда көптеген партия мен оңалу мүмкіндіктері бар". Дин Лижен

11 сәуір - шахматшыларда демалыс. Үшінші партия 12 сәуірде өтеді, ресейлік гроссмейстер ақ түсте ойнайды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: