Гукеш Доммараджу Каспаровтың рекордын жаңартты және 18 жасында шахматтан әлем чемпионы атанды

Гукеш Доммараджу Каспаровтың рекордын жаңартты және 18 жасында шахматтан әлем чемпионы атанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.12.2024 15:25 Сурет: Instagram/fide_chess
18 жастағы үнді гроссмейстері Гукеш Доммараджу Қытай өкілі Дин Лиженді жеңіп, Халықаралық Шахмат федерациясының (FIDE) тарихындағы ең жас әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Доммараджу шахматтан 18-ші әлем чемпионы болды.

"Армандарымның бірі орындалды, сондай бақыттымын. Менің мансабымның мақсаты - мүмкіндігінше бірінші болу. Мансабым енді басталды, бар болғаны айналысқаныма 10 жыл болды. Әлбетте, әлем чемпионы болу менің әлемдегі ең үздік екенімді білдірмейді, әлі Магнус Карлсен бар. Мен оған қарсы өз күшімді сынап көргім келеді".  Гукеш Доммараджу


Қорытынды есеп бойынша, үндістандық шахматшы 7,5 - 6,5 есебімен өз қарсыласын жеңді. Осылайша әйгілі Гарри Каспаровтың рекордын бұзды.


Аты аңызға айналған кеңестік гроссмейстер 1985 жылы 22 жасында шахмат королі болған болатын. 

Шахматтан әлем чемпионы атағы үшін матч 25 қарашадан бері Сингапурда өтті.

Бұған дейін "Астананың" өз алаңында "Челсиден" ұтылғандығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: