Жаңалықтар тізбегі
0

Эльмира Сыздықова әйелдер күресінен Азия чемпионатының финалына шықты

Эльмира Сыздықова әйелдер күресінен Азия чемпионатының финалына шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.04.2023 17:01 Сурет: Instagram/kazakhstan__wrestling
11 сәуірде күрестен Азия чемпионатында әйелдер арасында жекпе-жек басталды. Қазақстан бес салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, арасында тек Эльмира Сыздықова ғана жарыстың «алтыны» үшін жұдырықтасуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

76 келі салмақта финалға шығуы үшін Қазақстан әйелдер құрамасы көшбасшыларының бірі Эльмира Сыздықова қытайлық Жуан Ванды 6:4 есебімен жеңді. Енді Азия-2023 чемпионы атағы үшін шешуші белдесуде ол Қырғызстан өкілі Айпери Медетқызымен күреседі. Финал 11 сәуір күні Астана уақытымен 18:00-ден кейін өтеді.

Сонымен қатар Қазақстанның күрес жанкүйерлері Азия чемпионатының қола жүлдесін сарапқа салатын тағы екі спортшымызға қолдау көрсете алады. Алдымен кілемге Марина Седнева (55 келі) көтерілсе, оның 3-орын үшін белдесудегі қарсыласы Нгуен Ти Май Транг (Вьетнам) болады. 59 келі салмақтағы Диана Каюмова қола жүлде үшін қырғызстандық Қалмира Білімбекқызымен күш сынасады.

Азия чемпионатының екінші күнінен кейін Қазақстан балуандарының қоржынында 8 медаль бар. Оларды грек-рим күресінің балуандары жеңіп алды. Ибрагим Магомадов алтын, Диас Қален мен Нұрсұлтан Тұрсынов күміс, Алмат Кебісбаев, Олжас Сырлыбай, Аманғали Бекболатов, Мұхамедәлі Мамырбек және Әлімхан Сыздықов қола жүлдегер атанды.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: