Қазақстанның жас хоккейшілері әлем чемпионаты бастала сала қарсыласын ойсырата жеңді

Хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы, хоккей, хоккейші, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.04.2023 09:39 Сурет: pixabay
Шайбалы хоккейден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының алғашқы ойынында Қазақстан құрамасы қарсыласын 3:0 есебімен ұтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

18 жасқа дейінгілерден жасақталған Қазақстан құрамасы 2023 жылы Францияда өтетін әлем чемпионаты аясындағы алғашқы ойынын өткізді, деп жазды Sports.kz.

Мұз айдынында жас спортшыларымыз Венгрия құрамасымен кездесті. Қазақстандық хоккейшілер қарсыласын есеп ашуға мүмкіндік бермей, жеңіске жетті. Венгриялық хоккейшілер біздің қақпаға бір шайба соға алмады. Ойынның нәтижесі 3:0 болды.

21-минутта Әділ Бейсембаев Қазақстан құрамасын алға шығарса, 35-минутта Артур Гросс екінші голды соқты, ал 36-шы минутта Әділ Бейсембаев дубль жасады.

А дивизионында біздің спортшылар Жапония, Украина, Франция және Дания құрамаларымен кездеседі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: