Қазақстандық хоккейшілер жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының алдында Венгрия құрамасын жеңді
Сурет: olympic.kz
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы шайбалы хоккейден Венгрияда өтетін әлем чемпионатының алдында алғашқы жолдастық кездесуін өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлттық құрама венгриялықтармен ойнады. Бірінші кезеңде-ақ есеп ашылды — Александр Симахин шайбаны қақпаға дәл бағыттады. Артынша Леонид Шакенов есепті еселеп, Қазақстанның басымдығын нығайтты.
Екінші кезең 4:1 есебімен аяқталды. Қазақстан сапынан Аристарх Киреев пен Бексұлтан Мақыш мергендік танытты. Үшінші кезеңде тағы екі гол соғылды. Бұл жолы Әлішер Сәркенов пен Святослав Евплов бір-бір шайбадан соқты.
Нәтижесінде матч 6:1 есебімен Қазақстан құрамасының пайдасына аяқталды.
Айта кетейік, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты (IA дивизионы) 20-26 сәуір аралығында өтеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript