Қазақстандық хоккейшілер жастар арасындағы әлем чемпионатында Францияны ірі есеппен жеңді

Қазақстандық хоккейшілер жастар арасындағы әлем чемпионатында Францияны ірі есеппен жеңді, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.12.2025 19:31 Сурет: olympic.kz
Шайбалы хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Словенияда өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында ірі есеппен жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үшінші ойында ұлттық құрама Франциямен кездесті. Бірінші кезеңде франциялықтар 2:0 есебімен алға шықты. Дегенмен отандастарымыз бір гол соғып, есепті қысқартты.

Екінші кезеңде жалпы бес шайба соғылды. Оның төртеуі біздің спортшылардың еншісіне жазылды. Соңғы кезеңде Қазақстан құрамасы тоғыз гол енгізсе, франциялық хоккейшілер үш шайбамен жауап қайтарды.

Ойын 14:6 есебімен Қазақстан құрамасының пайдасына аяқталды. Келесі матчта ұлттық құрама Норвегиямен ойнайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: