Сағындық Тоғамбай қарсыласын екі рет нокдаунға жіберіп, одан соң нокаутқа түсірді
Сурет: kfb.kz
Қазақстандық боксшы Сағындық Тоғамбай Ташкентте өтіп жатқан бокстан Әлем чемпионатын сенімді жеңіспен бастады. Ол Конго өкілі – Натан Нланду Мбелидің 1/16 финалында сан соқтырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
86 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен жекпе-жектің үш раунд бойында да үстемдік еткен боксшымыз айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Жекпе-жек төрешісі Африка өкілінің нокдаунға түсуіне байланысты үш рет есеп ашты. Үшіншісінде судья ойынды тоқтатып, нокаут тіркеді.
Осылайша, бұл жеңіс Әлем чемпионатындағы қазақстандық боксшылардың үшіншісі болды. Бір күн бұрын Талғат Сырымбетов (60 кг) пен Айбек Оралбай (92) өз жанкүйерлерін қуантқан болатын.
Сағындық Тоғамбайдың жетістігінен кейін, 2 мамырда біздің жаттықтырушылар кешкі сессияда рингке шығатын тағы бір қазақстандық Санатәлі Төлтаевтан (63,5 кг) жеңіс күтеді. Оның қарсыласы Израиль боксшысы - Ахмад Штиви.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript