Дзюдодан әлем чемпионатының үшінші жарыс күні: 3 спортшымыз да жеңілді

күрес, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.05.2023 18:31 Сурет: instagram.com/drs_kz/
9 мамыр - дзюдодан әлем чемпионатының үшінші жарыс күні татамиге қазақстандық үш спортшы шықты. Әйелдер арасында 57 келіге дейінгі салмақта Бақыт Құсақбаева, ал ерлерден 73 келіде Жансай Смағұлов пен Данияр Шамшаев сынға түсті

9 мамыр - дзюдодан әлем чемпионатының үшінші жарыс күні татамиге қазақстандық үш спортшы шықты. Әйелдер арасында 57 келіге дейінгі салмақта Бақыт Құсақбаева, ал ерлерден 73 келіде Жансай Смағұлов пен Данияр Шамшаев сынға түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Данияр Шамшаев (73 келі) әлем чемпионатындағы алғашқы кездесуінде Түркия елінің өкілі Умалт Демирельден басым түскенімен, екінші айналымда 2021 жылғы әлем біріншілігінің күміс жүлдегері, Еуропа чемпионы италиялық Мануэль Ломбардо "вазари" ұпайымен ұтылды.

Жансай Смағұлов та (73 келі) әлем чемпионатын аяқтады. Алғашқы кездесуде IJF жалауы астында өнер көрсететін Ресей балуаны Махмадбек Махмадбековпен кездесті. Қарсылас кездесу басында "вазари" ұпайын иеленіп, белдесу соңына дейін осы басымдығын сақтап қалды.

Бақыт Құсақпаева (57 келі) да бірінші айналымнан аса алмады. Алғашқы белдесуде қателік жіберіп, жаңа зеландиялық Кона Кристиден жеңілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: