Дзюдодан АЧ-2025: Бақыт Құсақбаева Қазақстан қоржынына үшінші медальды салды

Қазақстандық спортшы Бақыт Құсақбаева дзюдодан Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, спортшы 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орынға ие болды.
Үшінші орын үшін белдесуде Құсақбаева Түрікменстан өкілі Майса Пардаеваны жеңді.
Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында үш қола медаль бар. Бұған дейін Ғалия Тынбаева (48 келіге дейін) мен Шерзод Давлатов (60 келіге дейін) үшінші орын алған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript