Азия пара ойындары: Диас Кенжебек Қазақстан қоржынына жетінші "алтынды" салды
![Диас Кенжебек, Азия пара ойындары, суға жүзу, алтын медаль, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.10.2023 18:59](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-8081bc6d-8b25-4349-a0e7-437ceccb2543/800x450.webp)
Қазақстандық спортшы Диас Кенжебек Ханчжоуда өтіп жатқан Азия пара ойындарында суға жүзуден алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Спортшы 100 метр қашықтықты 1:05:42 уақытында жүзіп өтіп, Азия мен Азия пара ойындарының рекордын жаңартты.
"Азиадада Қазақстан құрамасы дәстүрлі түрде осы спорт түрінен өте жақсы нәтиже көрсетіп келеді әрі бүгінгі жетістік - осының жарқын дәлелі. Команданың жаттықтырушылар штабына ерекше алғыс білдіреміз. Ел сіздің еңбегіңізді мақтан тұтады!", - деді Қазақстанның туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.
Бұған дейін қазақстандық пара спортшы Дастан Мұқашбеков елімізге алтын медаль әперді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript