Азия пара ойындары аясында дзюдодан қазақстандық қос спортшы жеңімпаз атанды

Ғалым Смағұлұлы, Азия пара ойындары, дзюдо, күміс медаль, қола медаль, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.10.2023 15:07 Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
Ханчжоуда өтіп жатқан Азия пара ойындары аясында дзюдодан қазақстандық қос спортшы жеңімпаз атанды. Жанбота Аманжол күміс медаль, ал Ғалымжан Смағұлұлы қола медаль иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

90 келіге дейінгі салмақта (J2 санаты) өнер көрсеткен отандасымыз Жанбота Аманжол  күміс медаль иеленді. 

Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

Өкінішке қарай, ол алтын медальға таласта Корея спортшысы Ли Джунгке жол беріп алды.

Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

Ғалымжан Смағұлұлы үшінші орын үшін өткен тартыста Өзбекстан палуанын жеңді. Жекпе-жек J2 санаты бойынша 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі палуандар арасында өтті.

Айта кетсек, Айта кетсек, Азия пара ойындары барысындағы жарыстың үшінші күні алғашқы медальды Зарина Раифова иеленді. Ол Қазақстан құрамасы қоржынына күміс медаль салды. Одан кейін таеквондошы Нұрлан Домбаев Азия пара ойындарында қола медаль еншіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: