Таеквондошы Нұрлан Домбаев Азия пара ойындарында қола медаль еншіледі
Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстандық спортшы Нұрлан Домбаев пара таэквондодан қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Үшінші орын үшін өткен сайыста біздің отандасымыз Қытайдан келген палуанды 8:6 есебімен жеңді.
Жекпе-жек 80 кг (К44) дейінгі салмақ дәрежесіндегі таекондошылар арасында өтті.
Айта кетсек, Азия пара ойындары барысындағы жарыстың үшінші күні алғашқы медальды Зарина Раифова иеленді. Ол Қазақстан құрамасы қоржынына күміс медаль салды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript