Сағындық Тоғамбай бокстан Қазақстан қоржынына алғашқы медальды салды

Сағындық Тоғамбай, бокс, Қазақстан, қола медаль , сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2023 15:15 Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстан құрамасының боксшысы Сағындық Тоғамбай Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында қола медаль иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

92 келі салмақ дәрежесінде жартылай финалда отандасымыз Қытай боксшысы Сюэчжэнь Ханға жол беріп алды. 

Сондай-ақ, бүгін, 1 қазанда Қазақстан құрамасының спортшысы Бекәділ Шаймерденов "кураш" күресінен күміс медаль иеленді.

Мария Дмитриенко стенд атудан қола медаль жеңіп алды. Стендтік атудан әйелдер командасы да қола медаль еншіледі. Қазақстан командасы сапында Мария Дмитриенко, Айжан Досмағамбетова және Анастасия Прилепина өнер көрсетті. Олар жалпы есепте 334 ұпай жинады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: