Әділжан Жаудинов дзюдодан әлем чемпионатында ел қоржынына үшінші алтын медальді салды

Әділжан Жаудинов дзюдодан әлем чемпионатында ел қоржынына үшінші алтын медальді салды, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2026 11:44 Сурет: International judo federation
Қазақстандық дзюдошы Әділжан Жаудинов Гуаякильде (Эквадор) өтіп жатқан кадеттер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз 90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанды.

Финалда Әділжан Ресей өкілі Абдулманаф Рамазановтан басым түсті.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында үш алтын медаль бар. Бұған дейін Ғабит Расулхан (60 келіге дейін) мен Фатима Сұпығалиева (52 келіге дейін) чемпион атанған еді.

Ал Адия Жанахмет (40 келіге дейін), Әділжан Нұрбекен (50 келіге дейін) және Інжу Жұмажан (57 келіге дейін) күміс медаль иеленді.

Бекарыс Құдайберген (50 келіге дейін), Ахмет Баубек (60 келіге дейін), Ерік Үсенов (66 келіге дейін) және Еркен Бекали (73 келіге дейін) қола жүлдеге қол жеткізді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: