Бокстан ӘЧ-2023: Асланбек те финалға жолдама алды

Асланбек Шымбергенов, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.05.2023 21:45 Сурет: Instagram/boxingkazakhstan
Асланбек Шымбергенов Ташкентте бокстан өтіп жатқан 2023 жылғы Әлем чемпионатының финалына Қазақстанның атынан жолдама алған төртінші боксшы болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

71 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен ол Үндістан боксшысы Нишант Девпен қолғап түйістірді. Барлық үш раунд бойына созылған ауыр жекпе-жектің қорытындысы бойынша Шымбергенов жеңіске жетіп, жарыстың финалына шықты.

Осылайша, Асланбек Шымбергенов алтын медальға таласу мүмкіндігіне ие болды. 

Бұған дейін Ташкентте бокстан өтіп жатқан 2023 жылғы Әлем чемпионаты финалына Санжар Ташкенбай (48 келіге дейін), Махмұд Сабырхан (54 келіге дейін) және Дулат Бекбауов (67 келіге дейін) өткен болатын. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: