Мария Бровкова байдарка мен каноэ есуден Әлем кубогының 1-кезеңінде алтын алды

Мария Бровкова байдарка мен каноэ есуден Әлем кубогының 1-кезеңінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.
Осы күндері Сегед қаласында (Мажарстан) байдарка мен каноэде есуден Әлем кубогының 1-ші кезеңі өтіп жатыр.
Мария Бровкова бұл бәсекеде алтын медаль жеңіп алды. Ол 1000 метрге каноэ есуден финалда бақ сынап, 4:49.91 уақыт көрсеткішінде мәреге бірінші болып келді.
Екінші, үшінші орын Мажарстан елінің ескекшілеріне бұйырды. Айта кетейік, жарыс 14 мамырға дейін жалғасады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript