Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.08.2026 19:08 Сурет: olympic.kz
Байдарка мен каноэде есуден Қазақстан құрамасының спортшысы Мария Бровкова Польшаның Познань қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында үздік бестікке енді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спортшы бірлік-каноэде 500 метрлік қашықтықтың финалында бақ сынады.

Мария Бровкова қашықтықты 02:06.33 уақытта жүзіп өтіп, қорытынды есепте бесінші орынға тұрақтады.

Алтын медаль канадалық София Дженсенге бұйырды – 02:00.78. Венгриялық Агнес Анна Кис мәреге екінші болып жетті – 02:02.80. Үздік үштікті Беларусь өкілі Алёна Ноздрева түйіндеді – 02:04.80.

Айта кетейік, бүгін, 29 тамызда Мария Бровкова Ульяна Киселевамен бірге екілік-каноэде 200 метрге жарыстың финалында өнер көрсетеді.

Бұған дейін Сергей Емельянов бірлік-каноэде 200 метрлік қашықтықта жетінші орын алған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: