Мария Бровкова ескек есуден әлем чемпионатының қола жүлдесін еншіледі
Сурет: ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті
Өзбекстанның Самарқанд қаласында өтіп жатқан байдарка мен каноэде есуден олимпиадалық емес қашықтықтардағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржыны қола медальмен толықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, қазақстандық спортшы Мария Бровкова бір адамдық каноэмен 500 метрге жарысудан қола жүлдегер атанды. Ол аталған қашықтықты 02:09.731 минутта бағындырған.
Алтын және күміс медальді Украина мен Чили атлеттері еншіледі.
Айта кетелік, Бровкова бұған дейін жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанған болатын. Самарқандтағы әлем чемпионатында жалпы есеппен 20 жүлде жиынтығы сарапқа салынып жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript