Руфина Искакова байдарка мен каноэде ескек есуден Италияда әлем чемпионы атанды

Италия, байдарка, ескек есу, каноэ, әлем чемпионы, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.07.2023 09:40 Сурет: Instagram/drs_kz
Италияның Ауронцо-ди-Кадоре қаласында жасөспірімдер мен жастар арасында байдарка мен каноэде ескек есуден әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жерлесіміз Руфина Искакова 23 жасқа дейінгілер арасындағы С-1 санатында топ жарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

9 шілде күні Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, ол 5000 метрлік сайыста 30:18.59 секунд көрсеткішпен үздік атанды. Молдавиялық Елена Глизан күміс жүлдеге ие болса, Иран өкілі Хадие Хейрабади үздік үштікке енді.

Сонымен қатар отандасымыз Мария Бровкова 18 жасқа дейінгілер арасында С-1 санатында 200 метрге жарысудан мәре сызығына екінші болып жетті.

Додаға 65 елден 938 спортшы қатысып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: