Қазақстан байдарка мен каноэде ескек есуден Польшадағы әлем чемпионатында тоғызыншы орын алды

Қазақстан байдарка мен каноэде ескек есуден Польшадағы әлем чемпионатында тоғызыншы орын алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.08.2026 10:59 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық спортшылар Польшаның Познань қаласында өтіп жатқан байдарка мен каноэде ескек есуден әлем чемпионатында кезекті финалдық бәсекеге қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Екілік-каноэде 200 метрге жарысудан әйелдер арасында Мария Бровкова мен Ульяна Киселева финалға дейін жетті.

Финалда отандастарымыз 43.99 секунд нәтижесімен тоғызыншы орынға тұрақтады.

Алтын медальді 42.26 секунд көрсеткішімен Беларусь өкілдері Юлия Трушкина мен Инна Неделькина жеңіп алды. Өзбекстандық Шохсанам Шерзодова мен Нилуфар Зокирова 42.52 секунд нәтижесімен күміс жүлдеге ие болды. Ал Қытай спортшылары Шуай Чанвэнь мен Линь Вэньцзюнь 42.65 секунд нәтижесімен қола медальді еншіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: