Байдарка мен каноэде ескек есуден әлем чемпионаты: Қазақстан өкілі жетінші орын алды
Сурет: olympic.kz
Қазақстандық спортшы бірлік-каноэде 200 метрлік қашықтықтың шешуші жарысына жолдама алған еді.
Финалда Сергей Емельянов 42.06 секунд нәтижесімен мәреге жетіп, жетінші орынға тұрақтады.
Алтын медальді 40.95 секунд көрсеткішімен Польша өкілі Алексей Колядич жеңіп алды. Екінші орынды 41.05 секунд нәтижесімен өзбекстандық Артур Гулиев иеленсе, үздік үштікті 41.15 секунд көрсеткішімен Беларусь спортшысы Андрей Жолобов түйіндеді.
Айта кетейік, ертең, 29 тамызда Қазақстан спортшылары қатысатын тағы екі финал өтеді. Мария Бровкова бірлік-каноэде 500 метрлік қашықтықта жүлде үшін таласқа түседі. Ал екілік-каноэде 200 метрлік жарыстың финалында Мария Бровкова мен Ульяна Киселева өнер көрсетеді.
Бұған дейін суға секіруден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өз мәресіне жеткені хабарланған.