Қазақстан спортшысы байдарка және каное есуден әлем чемпионатының финалына шықты

Байдарка, каное есуден әлем чемпионаты, финал, Сергей Емельянов , сурет - Zakon.kz жаңалық 22.08.2025 20:25 Сурет: olympic.kz
Байдарка және каное есуден Қазақстан құрамасының өкілі Сергей Емельянов Италияның Милан қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спортшы каное-жалғыз бағдарламасында 200 метр қашықтыққа ескек есуден жартылай финалда сәтті өнер көрсетіп, үшінші болып мәре сызығын кесті.

Осының арқасында ол А финалына шықты. Шешуші жарыс 22 тамызда өтеді.

Бұған дейін қазақстандық мергендер Азия чемпионатында күміс жүлде еншілегенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: