"Мастерс" турнирінің жартылай финалында Остапенко Рыбакинаны тілдеп, әбден жұлқынды
Стефан Вуковтың айтуынша, Латвия теннисші Рим корттарындағы "Мастерс" турнирінің жартылай финалындағы матч барысында қарсыласын балағаттап жіберген.
Табиғатынан сабырлы Елена Рыбакина бұл жағдайға назар аудармай, өз ойынына барынша ден қойды. Ыңғайсыз оқиға алдымен екінші сетте, содан кейін ойыншылардың қол алысуы кезінде орын алған. Матч біздің теннисшінің пайдасына 6:2, 6:4 есебімен аяқталды. Екінші сетте ойын жаңбырға байланысты үзілді.
Осы жекпе-жек аяқталғаннан кейін Рыбакина жоғарыдағы судьямен қол алысып, одан Остапенконың орынсыз мінез-құлқына назар аударуды сұрады.
Енді Елена Рыбакина финалда Ангелина Калининамен (Украина) кездеседі. Титул үшін таласты матч 20 мамырда, Астана уақыты бойынша сағат 23:00-де басталады. Теннисшілер бұған дейін 2022 жылы Чарлстондағы (АҚШ) турнирде кездесіп, ол кезде Ангелина басымдық танытқан – 4:6, 6:2, 6:4.