Юлия Путинцева WTA турнирінің жартылай финалында қарсыласына жол беріп қойды
Сурет: ktf.kz
Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева Швецияда өтіп жатқан WTA турнирінің жартылай финалында сербиялық Ольга Даниловичке жол беріп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Юлия Путинцева мен Ольга Данилевич әйелдер арасындағы жартылай финалда кездесті. Матчтың нәтижелері WTA-ның ресми сайтында жарияланды. Үш сетке созылған кездесу қорытындысы бойынша қазақстандық теннисші 4:6, 6:0, 2:6 есебімен ұтылып қалды.
Матч барысында Юлия Путинцева екі қателікке жол жіберіп, 11 брейк-пойнттың бесеуін ғана сәтті орындай алды.
Ольга Данилевич финалда АҚШ теннисшісі Эмма Наварромен ойнайтын болады.
Алдында Юлия Путинцеваның "Ролан Гарроста" қанша ақша тапқаны белгілі болған еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript