Қазақстан-Латвия: Қақпа жоқта салынған даулы голға қатысты қазылар өз төрелігін айтты
Екінші кезеңнің басында Мартинш Дзиеркалс өз командасының басымдығын үш шайбаға дейін арттырып үлгерді. Соңғы эпизод спорт сүйер қауым үшін өте даулы болып көрінген, бірақ гол ақырында есептелді. Хоккей сарапшысы және судья Гинтс Звиедритис Sportacentrs.com порталына неліктен бұл шайба есептелгенін түсіндіріп берді, деп хабарлайды Sports.kz.
Дзиеркалс - Латвия құрамасының үшінші голының авторы. Ол қарсылас қақпасына қарай жүйтки жөнелгенімен, шайбаны дұрыс лақтыра алмады, оның үстіне Қазақстан құрамасының қақпашысы Андрей Шутовқа қатты соғылып, оны абайсызда құлатты. Судьялар жазбадағы эпизодты қайта қарап, шайба олар орнынан қозғалмастан бұрын қақпа сызығын кесіп өткенін анықтады.
Бірінші кезекте төрешілер шайбаның қақпа сызығын кесіп өткенін анықтау үшін бейнені қайталап көруге кетті. Екінші мәселе - Дзиеркалс Қазақстан құрамасының қақпашысының құлағанына, өзімен бірге қақпаны іле кеткені үшін кінәлі ме деген сұрақ.
Шутовтың құлауын әртүрлі фактіге сүйеніп, бұл арада түрлі жорамал айтуға болады, бірақ соңғы сөзді әрқашан төрешілер айтады. Бұл эпизодта төрешілер Дзиеркалсты Қазақстан құрамасының қорғаушысы Бутенко артқы жағынан ұстап қалып, салдарынан латвиялық форвард тепе-теңдігін жоғалтып, құлап, өзімен бірге қақпашы Шутовты да жапыра кетті деп есептеді.
"Судьялар Дзиеркалсқа қарсы ойын ережесі бұзылды деп есептеді. Бұл жағдайда, егер шайба қақпа сызығын кесіп өтсе, тіпті қақпа қозғалса да голды санау керек болады", - деп түсіндірді Звиедритис.
Оның айтуынша, төрешілер Дзиеркалс емес, қорғаушы ойыншы Бутенко қақпаның орнынан қозғалғанына кінәлі деген қорытындыға келген. Демек, бұл эпизодта қақпа қаншалықты сырғып кеткені маңызды емес.
Latvia extends their lead with this...goal.🚨🇱🇻 #KAZLAT #IIHFWorlds @lhf_lv pic.twitter.com/HmxEoUabDT
— IIHF (@IIHFHockey) May 20, 2023