БАҚ: Лионель Месси "ПСЖ" футбол клубынан кетеді
Сурет: Instagram/leomessi
"Пари Сен-Жермен" клубының аргентиналық шабуылшысы Лионель Месси командамен келісім-шартын ұзартпайтын болды және маусымның соңында клубтан кетеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл жөнінде әлеуметтік желіде инсайдер Фабрицио Романо мәлімдеді.
Алдында "ПСЖ" басшылығы 2021 жылдан бері клубтың намысын қорғап келе жатқан 35 жастағы футболшымен келісімшартты ұзартуға мүдделі екендігі туралы ақпарат тараған. Алайда тараптар келісе алмаған, енді Месси Барселонаға оралуы мүмкін немесе мансабын Сауд Арабиясында жалғастырады.
Мессидің мамыр айының басында Сауд Арабиясына екі аптаға рұқсатсыз кеткені үшін оның жаттығулар мен ойындардан екі аптаға шеттетілуі жағдайды ушықтыра түссе керек.
27 мамырда Месси "Страсбургтің" қақпасына гол соғып, командасына ойынды тең аяқтауға жол ашты. Бұл "париждіктерге" Франция титулын жеңіп алуға мүмкіндік берді.
Жалпы, Месси осы маусымдағы Франция чемпионатында 31 матчта 16 гол соғып, 16 нәтижелі пас берді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript