"Ролан Гаррос" турнирінде Қазақстаннан ешкім қалмады

теннис, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.06.2023 10:07 Сурет: Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстандықтар Анна Данилина мен Александр Недовесов Ролан Гаррос турнирінде жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Анна Данилина мажарстандық Тимея Бабошпен бірге екінші айналымда тайбэйліктер Латиша Чань — Хао-Чин Чаньмен кездесті

Қазақстандық-мажарстандық жұп 1,5 сағаттан астам уақытқа созылған матчта 6:7 (3:7), 3:6 есебімен жеңілді.

Александр Недовесов мексикалық Мигель Анхель Рейес-Вареламен бірге ширек финалға шыға алмады. Олар үшінші айналымда доданың 1-ракеткалары, нидерландылық Уэсли Колхоф – ұлыбританиялық Нил Скупскиге жол берді – 5:7, 4:6. Бұл бәсеке 1,5 сағатқа жуық уақытқа созылды. 

Осылайша, Франция ашық чемпионатында Қазақстаннан ешкім қалмады.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина жекелей сында "Ролан Гаррос" турнирін жалғастырудан бас тартқан еді. Бұл туралы теннисшінің өзі үшінші раундтағы кездесуіне санаулы минуттар қалғанда мәлімдеді. Ол кеше, 3 маусымда испаниялық теннисші Сара Соррибес Тормомен ойнауы керек болған. Алайда Елена Рыбакина қызуы көтеріліп, екі күннен бері басы ауырғанын және дұрыс ұйықтамағанын айтты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: