Қазақстандық теннисші Анна Данилина "Ролан Гаррос" турнирінің финалында жеңіліп қалды

Қазақстандық теннисші Анна Данилина "Ролан Гаррос" турнирінің финалында жеңіліп қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.06.2025 16:57 Сурет: Roland Garros
Қазақстандық теннисші Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен жұптық сында өнер көрсетіп, "Ролан Гаррос–2025" турнирінің финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Финалда олар әлемнің екінші ракеткалары – италиялық Сара Эррани мен Жасмин Паолинимен кездесіп, 2 сағат 15 минутқа созылған матчта үш сет қорытындысы бойынша қарсыластарына жол берді – 4:6, 6:2, 1:6.

Нәтижесінде италиялық жұп турнир жеңімпазы атанды.

Анна Данилина үшін бұл – "Үлкен дулыға" турнирлеріндегі үшінші финал. Ол 2022 жылы Australian Open турнирінің финалында ойнаса, 2023 жылы US Open турнирінде микст санатында чемпион атанған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: