Анна Данилина бүгін “Ролан Гаррос” турнирінің жартылай финалында ойнайды

Теннисші Анна Данилина “Ролан Гаррос” турнирінің финалына шығу үшін бақ сынайды, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.06.2025 12:24 Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисші Анна Данилина бүгін, 6 маусымда Францияның Париж қаласында өтіп жатқан "Ролан Гаррос" турнирінің жартылай финалында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Данилина жұптық сайыста сәтті өнер көрсетіп жатыр.

Ол сербиялық Александра Круничпен бірге Франция ашық чемпионатының ширек финалында бірінші нөмірлі жұп - чехиялық Катержина Синякова мен америкалық Тейлор Таунсендті 7:5, 4:6, 6:2 есебімен жеңді.

Ал бүгін, 6 маусымда жартылай финалда Анна мен Александра Норвегия өкілі Ульрикке Эйкери және жапониялық Эри Ходзумимен кездеседі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: