Әйгілі швед футболшысы Златан Ибрагимович мансабын аяқтады

Златан Ибрагимович, "Милан", футбол, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2023 14:36 Сурет: Instagram/iamzlatanibrahimovic
Италиялық "Милан" клубы мен Швеция құрамасының 41 жастағы шабуылшысы Златан Ибрагимович жақында футболмен қоштасудың рәсімін өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Милан" 3:1 есебімен жеңісті тойлаған бұл кездесуден кейін швед ойыншысын шығарып салды. Клуб  ойыншылары Ибрагимовичке чемпиондық дәліз жасады, дәлізбен өтіп бара жатып футболшымен қоса жанкүйерлері де көзіне жас алды.

Өткен маусымда Златан Ибрагимович жарақатына байланысты команда сапында бар болғаны төрт ойын өткізіп, бір гол соқты.

Ал 41 жастағы ойыншы бүкіл мансабында 819 матч өткізіп, 493 гол соғып, 201 нәтижелі пас берді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: