Қазақстанның бірінші ракеткалары туған күнін тойлап жатыр

Бублик Рыбакина, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.06.2023 10:32 Сурет: instagram/lenarybakina/bublik
Қазақстанның бірінші ракеткалары Елена Рыбакина мен Александр Бублик туған күнін тойлап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан теннис федерациясы теннисшілерді туған күнімен құттықтап жазба жариялады.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 3-ракеткасы Елена Рыбакина бүгін, 17 маусымда 24 жасқа толды.

Елена Рыбакина 2023 жылы "Үлкен дулыға" санатындағы Australian open турнирінің финалына дейін жетті. Ол сонымен бірге биыл WTA өткізген 1 000 сериясындағы екі турнирде жеңіске жетіп, жуырда ғана әлемдік рейтингіде 3-орынға көтерілді.

Ал ерлер арасындағы Қазақстанның бірінші, әлемнің 47-ракеткасы Александр Бублик 26 жасқа толды.

Александр Бублик жуырда Хертогенбоста (Нидерланд) ATP турнирінің екінші айналымында жеңіліске ұшырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: