Қазақстанның бірінші және екінші ракеткалары тағы да бір-біріне қарсы ойнады
Сурет: ktf.kz
Қазақстанның бірінші, әлемнің 30-ракеткасы Александр Бублик Кицбюэль (Аустрия) ATP 250 турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші ширек финалда отандасы, әлемдік рейтингіде 110-орында тұрған Александр Шевченкомен жолықты.
Бублик қарсыласын 6:4, 6:2 есебімен ұтты.
Еске салайық, Александр Бублик пен Александр Шевченко бұған дейін Швейцарияның Гштаад қаласындағы өткен ATP 250 турнирінде де кездескен еді. Ол кезде де Бублик жеңіске жеткен.
Жүлде қоры 596 035 еуроға бағаланған доданың финалына шығу үшін Бублик әлемнің 103-ракеткасы, нидерландылық Ботик ван де Зандсхулпен кездеседі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript